2025 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барады.
Сапар аясында облыс тұрғындарымен кездесу және азаматтарды жеке қабылдау жоспарланған (2025 жылғы 27 маусым сағат 15:00, Қызылорда қ., Ы. Жақаев көшесі 24, «Достық» үйі).
Жеке қабылдауға қатысу үшін өтінімдерді сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін 8 (7172) 74-13-33, 8 (701) 441-72-32 нөмірлері бойынша жолдауға болады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі