Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылғы 30 маусымда «Қазақстанның спорт журналистикасы: дәстүрден цифрлық трансформацияларға дейін» атты спорт журналистикасы бойынша семинар өтетінін хабарлайды.
Курс аясында аналитикалық және шолу материалдарын дайындау ерекшеліктері, спорт журналистикасындағы жасанды интеллектінің рөлі, БАҚ-тың спортшы имиджіне әсері, танымал спортшылармен сұхбат жүргізу ерекшеліктері және т.б. тақырыптар талқыланады.
Семинар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2025 жылға арналған Халықтың медиасауатын дамыту және медиасаласы мамандарының біліктілігін арттыру жоспары шеңберінде жүзеге асырылады.
Спикер ретінде «Qazsport» телеарнасының өкілдері сөз сөйлейді.
Іс-шара өтетін мекенжай: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, Қазмедиа орталығы, 4-қабаттағы коворкинг.
БАҚ өкілдерін келесі сілтеме бойынша тіркеліп, іс-шараға қатысуға шақырамыз: https://forms.gle/TkXMhMrLUiMXt1Eh7
Барлық сұрақтар бойынша +7 7172 740186 байланыс телефонына хабарласуға болады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі