2025 жылғы 20 маусымда Көкшетау қаласында «Халықтың азаматтық мәдениеті – өңірдегі өмір сүру сапасын арттырудың негізі» тақырыбында Ақмола облысының ХІІ Азаматтық форумы өтеді.
Форумның мақсаты – өңірлік ресурстарды біріктіре отырып, әлеуметтік мәселелерді шешудің негізгі факторларының бірі ретінде азаматтық мәдениетті дамыту және тұрғындарды қоғамдық өмірге тарту.
Форумға мемлекеттік органдар өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық кеңестер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғам белсенділері, жастар көшбасшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Жиын аясында бірқатар тақырыптар бойынша секциялық отырыс өтеді:
- «Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы: 1-кезеңдегі нәтиже қорытындысы, 2-кезеңге ұсынымдар әзірлеу»;
- «ҮЕҰ және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамаларды талқылау»;
- «Халықтың құқықтық мәдениеті» (экология мәселелері, зорлық-зомбылықтың алдын алу т.б);
- «Инклюзивті қоғам»;
- «Жергілікті өзін-өзі басқару»;
- «Болашақтың кәсіптері: ҮЕҰ-ны жаңа еңбек нарығына дайындау» (ЖИ, креативті индустрия).
Форум соңы Пленарлық отырыспен қорытындыланады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі