2025 жылдың 14 маусымында Қалибек Қуанышбаев Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Күй» повесі негізінде сахналанған драмалық қойылымның премьерасын ұсынды.
Көрнекті қаламгердің терең философиялық туындысы театр сахнасында ерекше интерпретациямен көрерменге жол тартты.
Қойылым театрдың халық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен өтті.
Туындыда басты кейіпкер Жөнейіт ыза-кекпен арпалысып, жан азабын тартады. Билік пен ар арасындағы тартыс та сахнада шебер суреттеледі.
Қойылым көрерменге терең ой салып, ұлттық өнердің құдіретін сезіндіріп, ерекше әсер сыйлады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі