Қазақстанда Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің семинар-тренингтері өтіп жатыр

Қазақстанда Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің семинар-тренингтері өтіп жатыр

Шымкент қаласында Мемлекеттік жастар саясаты мектебі аясындағы семинар-тренингтердің екінші кезеңі бастау алды.

Оқыту бағдарламасына Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы жастар ресурстық орталықтарының мамандары қатысуда.

Бағдарламаның мақсаты – жастармен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, цифрлық дағдыларды дамыту және мемлекеттік жастар саясатын жергілікті деңгейде жүзеге асыруда заманауи тәсілдерді енгізу.

Үш күн бойы қатысушылар келесі өзекті және сұранысқа ие бағыттар бойынша білім мен тәжірибе алмасады. Атап айтсақ, цифрлық және ақпараттық қауіпсіздік, жасанды интеллектіні күнделікті кәсіби қызметте қолдану, жастар ортасында жобалық басқарудың негіздері бойынша білім алады.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Жастар және отбасы істері комитетінің серіктестігімен жұмыс істейтін «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.
Бұл оқыту семинарлары 2025 жылға жоспарланған бес өңірлік тренинг сериясының аясында өтті. Алғашқы бағдарлама Қосшы қаласында ұйымдастырылды, екінші кезең Шымкентте жүзеге асырылып жатыр. Алдағы уақытта Алматы, Орал және Павлодар қалаларында жалғасады.

Аталмыш бастама – ел бойынша жастармен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби және тұрақты желісін қалыптастыруда маңызды қадам, сондай-ақ жастар саясаты саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық әрі тиімді тәсілдерді дамытудың үлгісі.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі