Жамбыл облысында XII өңірлік Азаматтық форум өтті

Жамбыл облысында XII өңірлік Азаматтық форум өтті

2025 жылғы 10-11 маусым күндері азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріне арналған «Мықты қоғам – қуатты Қазақстан» атты XII өңірлік Азаматтық форум өтті.

Өңірлік форум Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, сондай-ақ мемлекет, ҰЕҰ және бизнес арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған.

Форумның бірінші күнінде инклюзия, үкіметтік емес ұйымдарды еңбек нарығының жаңа сын-қатерлеріне бейімдеу, сондай-ақ ҮЕҰ тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект құралдарын пайдалану мәселелері бойынша секциялық отырыстар өтті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың
IV отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жетілдіру және үкіметтік емес ұйымдарға қатысты заңнаманы дамыту мәселелері қаралды.

Өңірлік форумның екінші күні Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыруға арналған конференция, форумның пленарлық отырысы, сондай-ақ «Шағын қалалар – үлкен мүмкіндіктер» тұжырымдамасы аясында әкімдік, қорлар және бизнес өкілдері арасындағы үшжақты келіссөздер өтті. Іс-шара аясында қатысушыларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа өтінім беру, гранттық қаржыландыруға қатысу және институционалдық әлеуетті нығайту мәселелері бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

2025 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен ауылдық бастамаларды дамыту үшін «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ арқылы үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік емес гранттар бөлу жоспарланды.
Осылайша, Жамбыл облысы әкімдіктер арасында ҮЕҰ үшін мемлекеттік емес гранттарды енгізуді жоспарлап отырған алғашқы өңір болмақ.

Форум барысында жинақталған барлық ұсыныс биыл қазан айында Астанада өтетін XII Азаматтық форумда талқылауға ұсынылады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі