Қазақстанда 2025 жылдың шілдесінен бастап ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар беру ережелері жаңартылады

Қазақстанда 2025 жылдың шілдесінен бастап ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар беру ережелері жаңартылады

2025 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) мемлекеттік гранттарды әзірлеу, беру, мониторинг жүргізу және тиімділігін бағалау бойынша жаңартылған Ережелер күшіне енеді. Бұл — азаматтық қоғам институттарын мемлекеттік қолдау жүйесін барынша ашық, нәтижелі әрі ыңғайлы етуге бағытталған гранттық жүйені реформалаудың соңғы кезеңі.

Реформа аясында нормативтік-құқықтық база да, негізгі операциялық рәсімдер де жаңартылып, әлеуметтік әсерге бағдарланған және қаржыландыру үлгісіне көшу жүзеге асты. Жаңартылған Ережелер тұрақты әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізуге, рәсімдердің ашықтығына және мүдделі тараптардың белсенді қатысуына басымдық береді.

Негізгі жаңалықтар:

– Екі кезеңді іріктеу механизмі:
Енді жобалар алдымен тәуелсіз сараптамалық бағалаудан өтеді, содан кейін Оператор, Тапсырыс беруші және ҮЕҰ өкілдері қатысатын конкурстық комиссия шешім қабылдайды. Бұл тәсіл субъективтілікті азайтып, барлық тараптардың қатысуын арттырады.

– Әкімшілік шағымдану мүмкіндігі:
Конкурстық іріктеу нәтижелерін сотқа жүгінбей-ақ әкімшілік тәртіппен шағымдануға болады. Бұл рәсімдерге деген сенімді арттырып, шағымдарды жедел қарауға жағдай жасайды.

– Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін кеңейту:
Енді әкімдіктер 3 жылға дейінгі орта және ұзақ мерзімді гранттар бөле алады. Бұл аймақтық деңгейде әлеуметтік маңызы бар бастамаларды тұрақты, болжамды әрі стратегиялық жоспарлауға мүмкіндік береді.

– Жобаларды бағалау критерийлерінің жаңаруы:
Енді жобалар сапалық көрсеткіштерге — күиілетін әлеуметтік әсерге, мақсатты аймақты қамту ауқымына, аудиторияны тарту деңгейіне және бастамаларды жүзеге асыру қолжетімдігіне қарай бағаланады.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде грант алушыларға әдістемелік және әкімшілік қолдау көрсетуді жалғастырады. Біз мемлекеттік органдармен, донорлармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара тиімді ынтымақтастыққа дайынбыз.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі