Астанада әскери журналистика және дағдарыстық коммуникациялар курсы ұйымдастырылды. Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ҚР Қорғаныс министрлігімен, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі және ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметімен бірлесіп ұйымдастырды.
Курс барысында қатысушыларға жауынгерлік қақтығыс аймағындағы журналистер қызметінің ерекшеліктері, төтенше табиғи жағдайлар кезіндегі БАҚ рөлі, төтенше жағдайдағы ақпараттық жүйені қолданудың өзекті тәсілдері және т.б. түсіндірілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 145 Жарлығымен бекітілген ҚР Ақпараттық доктринасын орындау мақсатында жүзеге асырылды.
Іс-шараға 50-ден астам адам қатысты. Оның ішінде БАҚ өкілдері мен күш құрылымдарының қызметкерлері бар.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі