«Астана Опера» театрының әртістері «Күлбике» ертегісін көрерменге ұсынды

«Астана Опера» театрының әртістері «Күлбике» ертегісін көрерменге ұсынды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні «Астана Опера» сахнасында Раймондо Ребек сахналаған «Күлбике» ертігісі жаңаша қойылды. Спектакль Халықаралық «Опералия» музыкалық фестивалі бағдарламасына енді.

Балет неоклассикалық стильде сахналанып, заманауи хореографиялық шешімдермен толықтырылған. Көпке таныс оқиға күтпеген қырынан ашылады. Басты кейіпкер өзін жоғары сән әлемінде киім дизайнері ретінде танытуды армандайтын бойжеткен. Оның шағын шеберханасы қоймада жасырынған, бірақ сол жерден ол қиял-ғажайып сапарға аттанады. Ханзада да заманауи жігіт. Мұнда ол – композитор әрі диджей. Оны патша тағы да қызықтырмайды. Алайда оның бұндай өмір салтын көпшілік түсінбейді.

Оқиға өрбіген сайын кейіпкерлер өзгереді, өз болмысын сақтап қалу үшін күреседі. Сөйтіп олар бірін-бірі кездестіріп қана қоймай, өмірлік сүйікті ісін де табады. Ертегіні жаңаша қойылуы жас көрерменге бір табан жақындатып, арман мен сенімге жетелейді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі