Шығыс Қазақстан облысында креативті экономиканы дамытуға арналған оқыту бағдарламасы ұйымдастырылды

Шығыс Қазақстан облысында креативті экономиканы дамытуға арналған оқыту бағдарламасы ұйымдастырылды

Өскемен қаласында «Қазақстандағы креативті экономика мен креативті туризм: ESG интеграциясы, Тұрақты даму және UNESCO Creative Cities/Learning Cities желісіне жол» тақырыбында дөңгелек үстел мен оқыту бағдарламасы өтті.

Іс-шараға жергілікті атқарушы орган өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес және креативті индустрияның өкілдері, білім және мәдениет мекемесінің қызметкерлері қатысты.

Аталмыш бағдарлама өңірлік креативті жүйе мен тұрақты туризмді дымытуға және Өскемен қаласын ЮНЕСКО-ның халықаралық желісі Creative Cities (шығармашыл қалалар) және Learning Cities (оқытушы қалалар) тізімне қосуға бағытталған.

Іс-шара аясында сарапшылар қатысушыларға креативті индустрия жөнінде жүйелі білім беріп, Еуропа, ТМД және Орталық Азия елдеріндегі халықаралық нәтижелі тәжірибелермен бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша өңір ерекшеліктеріне бейімделген креативті жобалар тұжырымдамасы әзірленді. Сондай-ақ тараптар Өскеменнің ЮНЕСКО желісіне мүше болуға арналған өтінімін әзірлеу және қаланы халықаралық деңгейде таныту стратегиясын талқылады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі