Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Жанар Рысбайқызы Досаева Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
1974 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, «Тұран-Астана» университетін бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің Талдау, мониторинг және жастар саясаты бөлімінің бас маманы болып бастаған.
2003–2007 жылдары — Мемлекеттік білім беру және тестілеу стандарттары ұлттық орталығының әкімшілік-талдау бөлімінің бастығы.
2008–2017 жылдары ҚР Мәдениет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымды қызмет атқарды.
2019–2025 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымда жұмыс істеді.
2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР МАМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі