Қазақстандық жас қаламгерлерге арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Қазақстандық жас қаламгерлерге арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Биыл жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету, дарынды ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында үшінші рет Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындалады.

Әдеби сыйлыққа 18-35 жасқа дейінгі қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларымен үміткер бола алады.

Өтінім «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша қабылданады. Автор тек бір номинацияға ғана қатыса алады.

Сыйлық иегерлеріне «Қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағы беріледі, сондай-ақ диплом, төсбелгі және 4,1 млн теңге көлемінде қаржылай сыйақымен марапатталады.

Өтінімді 2025 жылдың 15 маусымына дейін қағаз және электронды түрде мына мекенжай бойынша жолдау қажет: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 14 кіреберіс, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, 273 кабинет.

Барлық сұрақтарды +7 707 541 8006, 8(7172)740407; 740384; 740408 нөмірлері бойынша анықтауға болады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі