«Аз и Я» кітабының жарық көргеніне – 50 жыл

«Аз и Я» кітабының жарық көргеніне – 50 жыл

ХХ ғасырдағы зияткерлік ой-пікір кеңістігіне батыл жаңалық болған туынды – Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я» кітабының жарық көрді. 27 мамырда Алматыда кітаптың 50 жыл толуына орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен VII «Түркіславистиканың бастаулары» атты халықаралық конференция өтті. Конференция Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау сөзімен ашылды.

Конференция Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Франция, Түркия, Қытай, Израиль, АҚШ және Тәжікстаннан келген жиырмадан астам танымал ғалым, жазушы, филолог және мәдениет қайраткерінің басын қосты.

Сөз сөйлеушілер қатарында Нобель сыйлығына үміткер ақын Тимур Зульфикаров (Тәжікстан), француз тілтанушысы Катрин Пужоль (Франция), «Аз и Я» симфония-концертінің авторы композитор Игорь Мациевский (Ресей), академик Владимир Филиппов (Ресей), «Ататүрік» орталығының директоры Низами Джафаров (Әзербайжан), публицист Михаил Швыдкой (Ресей) болды.

Сонымен қатар Алматы қалалық ЮНЕСКО Аймақтық Бюросының директоры Амир Пирич, ТҮРКСОЙ бас хатшысы Сұлтан Раев және Түркі тарихы мен мәдениеті қорының төрағасы Ақтоты Райымқұлова және алматылық зиялы қауым өкілдері де «Аз и я» кітабы туралы өз пікірін білдірді. Келген қонақтардың айтуынша, 1975 жылы «Аз и Я» кітабы алғаш рет жарық көрді және батыл ғылыми-поэтикалық эксперимент болды.

«Аз и Я – бұл менің бар сырын үнсіз қойнына бүккен ғасырлармен диалогым, ата-бабаларымыз қалдырған мән-мағына өрнектеріндегі белгілерді оқуға деген талпынысым», - деп атап өтті Олжас Сүйлейменов.

Конференция соңында түркіславистиканы дамыту жөніндегі арнайы қарар қабылданып, келген қонақтар естелік суретке түсті.