«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» ММ (бұдан әрі – Министрлік) 2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бойынша қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурс жариялайды.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) конкурстық өтінімдерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалардағы (бұдан әрі – Қағидалар) қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде 2025 жылдың 27 мамыр – 9 маусым аралығында жүзеге асырылады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін ЖЖОКБҰ конкурстық өтінімді электрондық форматта береді және Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖЖОКБҰ ақпараттық картасын толтырады.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттарға ЖЖОКБҰ бірінші басшысының қолы қойылады, олар мөрмен расталады және электрондық форматта немесе Астана қаласы, Мәңгілік Елдаңғылы, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 14 кіреберіс мекенжайы бойынша ұсынылады.
Конкурстық өтінім Министрлікке электрондық форматта 2025 жылы 9 маусымнан сағат 18.30 кешіктірілмей жіберіледі. Конкурстық өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен конкурстық өтінім кешігу себептеріне қарамастан қаралмайды. Конкурстық өтінімдерге оларды беру мерзімі өткеннен кейін қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.