Қазақстанда «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXI маусымы басталды

Қазақстанда «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXI маусымы басталды

Қазақстанда «Жасыл ел» жастар еңбек және студенттік құрылыс жасақтарының XXI маусымы басталды. Салтанатты іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ақтөбе қаласында өтті.

Ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, Ақтөбе облысының басшылығы, республикалық және өңірлік жастар ұйымдарының көшбасшылары мен «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері – жалпы мыңға жуық адам қатысты.

Маусымның ашылуы аясында «Жастар. Еңбек. Болашақ» атты диалог алаңы ұйымдастырылды. Онда спикерлер жастармен бірге студенттерді жұмыспен қамту, өңірлерде жастар еңбек жасақтарын дамыту перспективалары, экологиялық білім беру, жастардың экосанасын қалыптастыру және табиғатты қорғауға атсалысу мәселелерін талқылады.

Ашылу рәсімі концерттік бағдарламамен аяқталды.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысы еліміздің барлық өңірінде басталды.

Айта кетейік, елді көгалдандыруға үлес қосқысы келетін 16 мен 29 жас аралығындағы жастар «Жасыл ел» жасақтарының жұмысына қатыса алады. Жоба жыл сайын Қазақстан бойынша 30 000-нан астам жасты маусымдық жұмыспен қамтиды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі