Қазақстанда ХІІ Азаматтық форумы басталды

Қазақстанда ХІІ Азаматтық форумы басталды

Қазақстанның ХІІ Азаматтық форумы аясында 23 мамыр күні Жетісу облысында «Азаматтық қоғам 2.0: мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның өңірлік дамудың драйвері ретіндегі өзара іс-қимылының инновациялық модельдері» атты алғашқы өңірлік форум бастау алды.

Аталмыш форум азаматтық қоғам болашағын талқылау және қалыптастыру үшін мемлекеттік органдарды, үкіметтік емес сектор мен бизнес қауымдастықты, жетекші сарапшыларды, тәжірибелі және жаңашыл азаматтарды біріктіретін жалпыұлттық диалог алаңына айналды.

Биыл ХІІ Азаматтық форумы үш кезең бойынша өтеді.
Бірінші кезеңде еліміздің барлық өңірінде мамыр-қыркүйек айлары аралығында өңірлік форумдар ұйымдастырылады. Онда әр өңір үшін азаматтық сектордың өзекті мәселелері талқыланатын болады.

Екінші кезеңде мемлекеттік органдар мен депутаттардың қатысуымен салалық алаңдар, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамыту, инклюзия, болашақ мамандықтары, құқықтық ағарту, азаматтық жауапкершілік және оның цифрлық белсенділігі сияқты тақырыптар бойынша дискуссиялар өткізіледі.

Қорытынды кезең қазанда өтеді және Форумның пленарлық отырысымен аяқталады. Оған 300 қатысушы қатысады.

Форум қорытындысы бойынша Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы 2-кезеңін іске асыру жөніндегі жоспарды бекіту, азаматтық қоғамды дамыту және Азаматтық форумның шешімдерін тиімді орындау мәселелері жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу жоспарланған.

Форум БАҚ, YouTube және әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлер арқылы кең аудиторияға қолжетімді болмақ.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі