Жастармен жұмыс істейтін мамандар жаңа оқыту бағдарламасынан өтті

Жастармен жұмыс істейтін мамандар жаңа оқыту бағдарламасынан өтті

Ақмола облысының Қосшы қаласында мемлекеттік Жастар саясаты мектебі аясында жастар ресурстық орталықтарының (ЖРО) қызметкерлеріне арналған оқыту бағдарламаларының сериясы бойынша семинар-тренинг аяқталды.

Мектеп аясында мамандар үш күндік оқыту бағдарламасынан өтті. Бағдарлама цифрлық және ақпараттық қауіпсіздік, жұмыста жасанды интеллектті қолдану, жастар ортасындағы жобалық басқару негіздері сынды бағыттарды қамтыды.

Биыл Шымкент, Алматы, Орал және Павлодар қалаларында тағы төрт семинар-тренинг өткізу жоспарланған.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Жастар және отбасы істері комитеті мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі