Маңғыстауда азаматтық қоғамды дамыту мәселелері талқыланды

Маңғыстауда азаматтық қоғамды дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Құрманова Айзада Амангелдіқызы Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында облыс тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдау жүргізді.

Кездесу барысында министрлік қызметінің басым бағыттары  бойынша мәселелер талқыланды. Жергілікті ҮЕҰ тарапынаназаматтық қоғам саласын одан әрі дамыту бойынша ұтымды ойлар мен ұсыныстар айтылды.

Айзада Құрманова қазіргі уақытта Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасына сәйкес, ҮЕҰ туралы заң жобасын әзірлеу және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша министрлік жанынан арнайы жұмыс топтарының құрылғандығын жеткізіп, бірлесе жұмыс жүргізуге шақырды.

 

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі