Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы

Малшыбай ауылы тұрғындарының назарына !

«Электрондық үкімет» порталының қолжетімділігін және электрондық мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы алуды қамтамасыз ету мақсатында Малшыбай ауылының əкімдігі ғимаратында интернет желісіне қосылған дербес компьютер мен принтер қойылған «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс жасауда.

Ауыл тұрғындары қалаға бармай-ақ, аталған бұрышта Онлайн электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦП) арқылы E.GOV.KZ порталынан мемлекеттік қызмет түрлерін алуға болады.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығы, сағат: 09:00-18:30. Үзіліс сағат 13:00-14:30.