Қадірлі жерлестер, Отандастар!

Қадірлі жерлестер, Отандастар!

Қадірлі жерлестер, Отандастар!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар , Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

     Қашанда Отан үшін оққа кеудесін тосқан әкелеріміздің ерлігін ұмытпау, бүгінгі бейбіт өмірді ұрпаққа аманат ету біздің перзенттік парызымыз. Біздің ардагерлерге деген құрметіміз аудан көлемінде әр түрлі шаралар арқылы көрініс табуда.
Бүгінгі мерейлі мерекеде бар өмірін әскери қызметке арнап, өз қызметін мінсіз атқарып жүрген ер азаматтарымыз бен азаматшаларымызға алғысымызды білдіреміз.
     Тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Бейбітшілікті мақсат еткен Тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтата түсетін қуанышты күндер көп болсын!
     Құрметті Отан қорғаушылар!
Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге мықты денсаулық, зор табыс тілеймін. Әрқашан да аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!
Отан қорғаушылар күні құтты болсын!


Мақаншы ауданы мәслихатының төрағасы Б.Биболов.