Абай облысы Мақаншы аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының бос орындарына жаңадан мүшелер қабылдау туралы ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына және Мақаншы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының №6 қаулысына сәйкес Мақаншы ауданы мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының бос орындарына жаңадан мүшелер қабылдайтынын хабарлайды.
Бос орынға үміткерлер 2024 жылғы 17 қазанынан 01 қарашасын қоса алғанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының бос орындарына кандидатуралар ұсыну туралы шешімінен үзінді;
3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.
Сайлау комиссияларының құрамдарына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштің нысаны сайтта орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат тұрған әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында қарастырылған сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның еңбеккерлері болмауы тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, асырап алушылары (қыз асырап алушылары), асырап алған балалары (қыздары), туған және туған емес ағалары мен әпкелері, аталары, әжелері, немерелері) немесе ері (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз нысанда ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен расталуы тиіс және орындалған күні, орындаушы туралы белгі тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетіліп ұсынылуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2024 жылғы 01 қарашаға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Абай облысы Мақаншы ауданды мәслихаты
Биболов Болат Утегенович – Мақаншы ауданы мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың мекен-жайы: Мақаншы ауылы, Қабанбай көшесі 6.
Жауапты тұлға – Есембаев Нурсултан Дуйсембаевич, № 2 каб., қалааралық телефон коды (872239), қызметтік телефонның нөмірі 4-90-50, электрондық пошта мекен-жайы maslihat_makanshy@mail.ru
Абай облысы Мақаншы ауданы мәслихатының сайлау комиссияларының бос орындары туралы мәлімет жариялайды
ХАБАРЛАМАСЫ
Сайлау комиссиясының нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері
|
Сайлау комиссиясындағы бос орындар саны |
|
Учаскелік сайлау комиссиялары |
|
№ 459 |
Бекет ауылы, Қабанбай көшесі № 4 А, Абай облысы Мақаншы ауданы әкімдігінің "Мақаншы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. |
1 |
№ 456 |
Мақаншы ауылы, Р.Берікболов көшесі № 46 А, Абай облысы білім басқармасының Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Найманбай атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. |
1 |
№ 454 |
Мақаншы ауылы, Ә.Найманбаев көшесі № 191, Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Мақаншы ауданының ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. |
1 |
№ 451 |
Мақаншы ауылы, А.Татиев көшесі № 62, Абай облысы білім басқармасының Мақаншы ауданы білім бөлімінің «Балалар шығармашылық үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
1 |
№ 464 |
Көктерек ауылы, Қабанбай көшесі № 50, Абай облысы білім басқармасының Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Көктерек орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. |
1 |
№470 |
Бахты ауылы, Абылайхан көшесі № 1 Б, Абай облысы білім басқармасының Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Бейсембай Сахариев атындағы мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
1 |
№457 |
Қаратұма ауылы, Абай көшесі № 71, Абай облысы білім басқармасының Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Қаратұма орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. |
1 |
№452 |
Мақаншы ауылы, Қабанбай көшесі №64, Жедел басқару құқығындағы «Мақаншы ауданы әкімдігінің "Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, Мақаншы ауылдық клубы. |
1 |
№460 |
Бұғыбай ауылы, Қабанбай көшесі № 1, Абай облысы білім басқармасының Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Бұғыбай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. |
2 |
№476 |
Қабанбай ауылы, Д.Қонаев көшесі № 1 Г. |
1 |
№477 |
Бақты ауылы, А.Иманова көшесі № 27. |
1 |
№478 |
Ақшоқы ауылы, Найманбай №106 |
2 |
Мақаншы ауданды мәслихаты