Бүгін Мақаншы ауданы мәслихатының кезекті 43-сессия отырысы өтті.

Бүгін Мақаншы ауданы мәслихатының кезекті 43-сессия отырысы өтті.

Бүгін Мақаншы ауданы мәслихатының кезекті 43-сессия отырысы өтті. Сессия басталар алдында отырысқа қатысушылар Маңғыстау облысының Каспи теңізінде әскери міндеттерін атқару кезінде қаза болғандардың рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алды.

Күн тәртібіне сәйкес:
1. Ауданда қысқы мерзімге жол қатынасының тұрақтылығын қамтамасыз ету және білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелеріндегі жылу маусымына дайындықтың барысы туралы;
2. Аудан көлемінде санитарлық-эпидемиологиялық және эпизоотиялық ошақтарының жағдайы және оларды жақсарту жұмысының барысы туралы;
3. Мақаншы ауданының ауылдық елді-мекендеріне «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жұмысының барысы туралы;
4. Мақаншы ауданындағы денсаулық сақтау саласының жағдайы және тұрғындарға медициналық сапалы көмек көрсету, аудандық аурухананы заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету, тар және кең бейімді медицина мамандарының өткір тапшылығын жою жөніндегі мәселені шешу туралы;
5. Мақаншы ауданында абаттандыруға, көгалдандыруға және санитарлық тазалауға бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі есебі;
6. Мақаншы ауданындағы мектеп бітіруші түлектердің ұлттық бірыңғай тест тапсыру нәтижелері және білім беру ұйымдарына түсуі туралы;
7. Әр түрлі мәселелер:
1) Мақаншы ауданы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 30-213/VIII «Мақаншы ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Абай облысы Мақаншы ауданы мәслихатының 2024 жылғы 8 қазандағы № 12-77/VIII «Абай облысы Мақаншы ауданының жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

3) Мақаншы ауданы мәслихатының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 10-56/VIIІ «Абай облысы Мақаншы ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

4) VIII-шақырылған Мақаншы ауданы мәслихатының кезекті 43-сессиясының жұмысындағы үзіліс туралы қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.