
Құрметті жерлестер!
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ерлік пен елдік рухын ұлықтайтын, батыр бабаларымыздың жанқиярлығы мен қайсарлығын ұмытпауға үндейтін қасиетті мереке.
Біз бейбіт өмір мен жарқын болашақ үшін күрескен аға буынның алдында әрдайым қарыздармыз.
Ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Елімізде әрдайым тыныштық пен татулық болсын!
Жеңіс рухы ұрпақ жадында мәңгі сақталсын!