Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

     Сіздерді ұлттық дәстүрімізге айналған 14 наурыз – Көрісу күнімен (Амал мерекесімен) шын жүректен құттықтаймын!

     Бұл күн – халқымыздың бауырмалдық пен бірлікті, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін ерекше мерекесі. Көрісу күні адамдар бір-бірімен қауышып, амандық сұрасады. Осындай ізгі дәстүрлер ұлттың ынтымағы мен татулығын нығайта түседі.

     Баршаңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Ел іргесі тыныш, жұртымыздың бірлігі бекем болсын!

Мереке құтты болсын!