Құрметті кәсіпкерлер!

Құрметті кәсіпкерлер!

Құрметті кәсіпкерлер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - кәсіпкерлер күнімен құттықтаймын. Бүгінгі күн ресми түрде кәсіпкерлер күні деп бекітілген. Осыдан он жыл бұрын 29 қазанда Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі қабылданған болатын.

Қазір елімізде 2,4 млн-ға жуық кәсіпкерлік тіркелген, олар 4 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

Ел экономикасы мен шағын және орта бизнестің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен әлеуметтік-экономикалық даму бағдарына кәсіпкерлердің қосатын үлесі үлкен. Сіздердің аудан көлеміндегі белсенді жұмыстарыңыздың нәтижесінде кәсіпкерлік нысандары көптеп ашылып, қолайлы жағдайлар жасалуда.

Осы мерейлі күні дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін.

Мақаншы ауданы мәслихатының төрағасы Болат Өтегенұлы Биболов