Ауданымыздың ардагер спортшылары Жеңіс Жүнісов (74 кг салмақта күміс жүлде) пен Бауыржан Чакенов (79 кг салмақта қола жүлде) жүлделі орындармен оралды

Ауданымыздың ардагер спортшылары Жеңіс Жүнісов (74 кг салмақта күміс жүлде) пен Бауыржан Чакенов (79 кг салмақта қола жүлде) жүлделі орындармен оралды

2025 жылдың 23-26 қазаны аралығында Өзбекстан мемлекетінің Бұқара қаласында спорт шеберлері арасында өткен әлем чемпионатында ауданымыздың ардагер спортшылары Жеңіс Жүнісов (74 кг салмақта күміс жүлде) пен Бауыржан Чакенов (79 кг салмақта қола жүлде) жүлделі орындармен оралып, Мақаншы өңірінің мерейін үстем етті.

Осы ретте аудандық Мәдениет үйінде спортшыларды қарсы алу шарасы өтіп, құрмет көрсетілді.

Шараға аудандық мәслихат төрағасы Болат Өтегенұлы, аудан әкімінің орынбасары Рахат Шәріпұлы, бөлім басшылары қатысты.

Шара аясында споршыларға аудан әкімі Дәурен Бақытжанұлының “Алғыс хаты” табыс етіліп, жылы лебіздер айтылды.