ХАБАРЛАНДЫРУ Мақаншы ауданы мәслихаттың кезекті 26-сессиясы туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ Мақаншы ауданы мәслихаттың  кезекті 26-сессиясы туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Мақаншы ауданы мәслихаттың

 кезекті 26-сессиясы туралы

 

 

         Мақаншы ауданы мәслихатының депутаттары мен тұрғындарының назарына!

         2025 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 15.00-ге Мақаншы ауданы әкімдігінің ғимаратында, Мақаншы ауданы мәслихатының кезекті  26-сессиясы белгіленді.

         Өтетін мекен-жайы: Мақаншы ауданы әкімдігінің ғимараты, Қабанбай көшесі, №6.

 

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

  1. Мақаншы ауданында қысқы мерзімге жол қатынасының тұрақтылығын қамтамасыз ету және білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелеріндегі жылыту маусымына дайындықтың барысы туралы; 
  2. Мақаншы ауданы көлеміндегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және оны жақсарту жұмысының барысы туралы;
  3. Мақаншы ауданының ауылдық елді мекендерінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жұмысының барысы туралы;
  4. Мақаншы ауданындағы жиын-терін науқаны мен қысқы мал азығын дайындау туралы;
  5. Әр түрлі мәселелер;

           

        Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 13.30-да басталады.

       Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы сағат 14:00-де өткізіледі.

        

 

 

Мақаншы ауданы

мәслихатының төрағасы                                                                        Б.Биболов