Құрметті әуе қорғанысы саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Құрметті әуе қорғанысы саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Әуе қорғанысы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің әуе шекарасын қырағылықпен қорғап, бейбіт өміріміздің сақшысы болып отырған Сіздердің еңбектеріңіз мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие. Әуе кеңістігінің мызғымастығы – Отанымыздың тәуелсіздігі мен егемендігінің кепілі.

Бұл мереке – батылдық пен ерлікті, табандылық пен адалдықты талап ететін абыройлы мамандық иелеріне деген құрметтің белгісі. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен жоғары жауапкершіліктеріңізге әрдайым сенім артамын.

Еліміздің көк аспаны әрдайым ашық, еңбектеріңіз жемісті, отбасыларыңыз аман-сау болсын!

Мақаншы ауданы мәслихатының төрағасы Болат Өтегенұлы Биболов