Құрметті шекара қызметінің ардагерлері мен қызметкерлері!

Құрметті шекара қызметінің ардагерлері мен қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Шекарашылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғау – еліміздің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің берік кепілі. Сіздердің табанды еңбектеріңіз бен қажырлы қызметтеріңіздің арқасында халықтың бейбіт өмірі мен тыныштығы қамтамасыз етіліп отыр.

Отанға адал қызмет ету – әрбір шекарашының басты парызы. Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас жігер, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Ел шекарасы әрдайым тыныш, көк байрағымыз мәңгі желбірей берсін!

Мерекелеріңіз құтты болсын!


Мақаншы ауданы мәслихатының төрағасы Болат Өтегенұлы Биболов