Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет пен қоғамға қызмет ету – әрбір азамат үшін абыройлы іс. Еліміздің гүлденуі мен экономикамыздың дамуы жолында мемлекеттік қызметшінің қосар үлесі ерекше.
Мемлекеттік қызметшілер жұмыста қарапайым, өмірде өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сондықтан ел үшін қызмет ету, оның ішінде ауданның дамуына үлес қосу – мерейлі міндет, зор абырой.
Сіздерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!
Мақаншы ауданы мәслихатының төрағасы Болат Өтегенұлы Биболов