Құрметті полиция қызметкерлері!

Құрметті полиция қызметкерлері!

Құрметті полиция қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекетіміздің тыныштығы мен халқымыздың бейбіт өмірі, амандығы – бәрінен қымбат. Сондықтан халқымыздың құқықтық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдардың бірі – Ішкі істер органдарының алар орны ерекше.
Тәртіп сақшыларының кәсіби қызметі – зор жауапкершілігімен, тәуекелшілдігімен, қиындыққа төтеп беретін төзімділігімен ерекше құнды.
Сіздер ширек ғасырдан астам уақыт ішінде ел іргесінің сөгілмей, бүтіндігіміздің сақталуына барынша тынымсыз еңбек етіп келесіздер.
Өз қызметтік міндетіне асқан жауапкершілікпен қарап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын-алып, мемлекет тыныштығының сақталуына тынбай үлес қосып жүрген ел қорғандарының қатары көбейе берсін!
Сіздерге зор денсаулық, қызметтеріңізге абырой, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Ел іргесі бүтін, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Мақаншы ауданы мәслихатының төрағасы Болат Өтегенұлы Биболов.