Мақаншы ауданы мәслихатының депутаттары мен тұрғындары назарына!
Мақаншы ауданы мәслихатының кезекті 23-сессиясы 2025 жылдың 26 маусымында сағат 15.00-де Мақаншы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймыз.
Өтетін мекен-жайы: Мақаншы ауылы, Қабанбай көшесі, 6.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 14.30-да басталады.
Күн тәртібіне ұсынылатын мәселелер:
- Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуының есебі туралы.
- Мақаншы ауданында арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасы туралы.
- Мақаншы ауданындағы денсаулық сақтау саласының жағдайы және тұрғындарға медициналық сапалы көмек көрсету, аудандық аурухананы заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету, тар және кең бейімді медицина мамандарының өткір тапшылығын жою жөніндегі мәселені шешу туралы.
- Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, оларды жою мақсатында атқарылған және атқарылатын жұмыстар, және де жазғы шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы
- Депутаттық өкілеттік және этикасы, заңдылық, бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, салық, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жанұяны қорғау, жастар мен мүгедектер мәселелері, ауыл шаруашылық және экология, еңбек, сауданы дамыту, кәсіпкерлік, туризм, коммуналдық-тұрмыстық қызметтер және байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы.
- Әр түрлі мәселелер.
Мақаншы ауданы мәслихатының аппараты