Ардақты ағайын! Қадірлі жерлестер!

Ардақты ағайын! Қадірлі жерлестер!

Ардақты ағайын!
Қадірлі жерлестер!

Сіздерді еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен құттықтаймын!
1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері туралы заңға қол қойылды.
Сол сәттен бастап бұл күн қазақстандықтар үшін басты мерекелердің біріне айналды.
Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр.

Елбасы «Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер»,-деп рәміздердің ел өміріндегі маңызын сипаттаған болатын.

Азат елдің бірден-бір нышаны саналатын рәміздерімізді қастерлей білу – бүгінгі, ертеңгі ұрпақтың парызы.

Құрметті жерлестер!
Тәуелсіздігіміз баянды, бірлігіміз бекем болсын! Мемлекеттік рәміздер күні мерекесі құтты болсын! Көк Туымыз көгімізде мәңгі желбірей берсін!

Мақаншы ауданы мәслихатының төрағасы Болат Өтегенұлы Биболов