Абай облысы Мақаншы ауданының мәслихатының округтік сайлау комиссияларының мүшелері өз міндетінен босауына байланысты қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Абай облысы Мақаншы ауданының мәслихатының округтік сайлау комиссияларының мүшелері өз міндетінен босауына байланысты қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10 және 15-1 баптарына сәйкес және Мақаншы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  №120 хаты негізінде Абай облысы Мақаншы аудандық мәслихаты округтік  сайлау комиссияларының 4 мүшесін сайлайтыны туралы хабарлайды.

Учаскелік сайлау комиссиялары бес мүшеден құралады.

Округтік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылар санына қарай ауданның аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптасатын комиссиядан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылдың 2 маусымынан 17 маусымына дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну туралы шешімінен үзінді;

3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылды.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті кәсіби құзыреттеріне белгіленген бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ  орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында "Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу" жүйесі  арқылы сайлау туралы заңнаманы білуге тестілеуден өткені туралы сертификатқа ие болуға тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 17 маусымына дейін дүйсенбіден  жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

 

Мақаншы ауданының мәслихаты

 

Биболов Болат Утегенович – Мақаншы ауданы мәслихатының төрағасы.

Мәслихаттың тұрған орны: Мақаншы ауылы, Қабанбай батыр көшесі, 6.

Жауапты тұлға – Есембаев Нурсултан Дуйсембаевич, № 2 каб., қалааралық телефон коды (872239), қызметтік телефонның нөмірі 4-90-50, электрондық пошта мекенжайы maslihat_makanshy@mail.ru

 

Абай облысы Мақаншы ауданы мәслихатының 8 округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:

 

 

№ р/б

Аумақтық сайлау округінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері 

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1

2

3

4

Мақаншы ауданының аумақтық учаскелік комиссиясы

1

№9

Мақаншы ауылы, Қабанбай көшесі №64, Жедел басқару құқығындағы «Мақаншы ауданы әкімдігінің "Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, Мақаншы ауылдық клубы.  

1

2

№ 10

Мақаншы ауылы, Қабанбай көшесі № 10, Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Мақаншы ауданының ауданаралық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, № 1 "Ақжол" дәрігерлік амбулаториясы.

1

3

№ 12

Қарабұта ауылы, М.Әуезов көшесі № 14, Абай облысы білім басқармасының Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Қарабұта орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

2

 

Мақаншы ауданы мәслихаты