
Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскер уақытша басқа зиянды болып табылмайтын жұмысқа ауыстырылған жағдайда жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысының берілу тәртібі туралы келіп түскен өтінішітер бойынша төмендегіні түсіндіреді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1053 бұйрығының 2-қосымшасымен бекітілген Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысын және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшерін беру қағидаларының (ары қарай-Қағида) қосымша демалыс беру тәртібі туралы 3-бөлігінің 10,11-тармақшаларына сәйкес, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тiзiмінде (ары қарай-Тізім) көзделген еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстерде, цехтарда, кәсiптер мен лауазымдарда жұмыс жылы бойы жұмыс істеген жұмыскерге қосымша демалыс іс жүзінде жұмыс істеген күндеріне пропорционалды түрде берiледi.
Жұмыскерлер жұмыс жылы iшiнде олардағы жұмыс үшiн ұзақтығы әртүрлi қосымша демалыс берiлетiн әртүрлi өндiрiстерде, цехтарда, кәсiптерде және лауазымдарда жұмыс істеген жағдайларда, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс iстелген уақыт, Тiзiмде тиiстi өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптердiң және лауазымдардың жұмыскерлерi үшiн белгiленген қосымша демалыстың ұзақтығына қарай, әрбiр жұмыс бойынша жеке есептеледi.
Яғни, жұмыскерге Тізімде көзделмеген, ауыр, зиянды және қауіпті болып табылмайтын басқа жұмыс орнына ауыстырылған кезең аралығына жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы берілмейді.