Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары алдағы келе жатқан мерекелерде қыз-келіншектердің сұлулық салонға барар кезде нені біліп бару керектігін ескертеді.
Сұлулық салоны тек шаш қиятын орын ғана емес, сондай-ақ сіздің бетіңіз бен сырт келбетіңізді ретке келтіріп, сізді сұлу етіп шығаратын орын. Сол себепті сұлулық салонын таңдағанда тазалық пен қауіпсіздікті міндетті түрде басты назарға алу керек.
Көптеген сұлулық салондары процедуралар жүргізумен қатар кәсіби косметикалық өнімдерді сатады. Уақыты тығыз іскер әйелдер үшін бір жерден барлық керекті заттарды алу жақсы мүмкіндік: күтім, кеңес және косметика. Сонымен қатар, сіз сатып алудан бұрын ұсынылған өнімдерді өзіңіз көре аласыз.
Егер сұлулық салонына бару сіз үшін мерекеге айналсын десеңіз, міндетті түрде ең алдымен салонның тазалығына назар аударыңыз. Әрбір келушіден кейін құралдар барлық санитариялық-гигиеналық және сантариялық-эпидемияға қарсы қағидаларды сақтай отырып, арнайы ерітінділермен өңделуі керек.
Сұлулық салондарында жиі кездесетін аурулар тізімінде зең аурулары, герпес, стафилококк инфекциясы және С гепатиті бар.
Бұл ауруларды жұқтыруда процедуралар кезінде терінің бұзылуы, сондай-ақ алдыңғы клиентпен жұмыс істеген құралдарды қайта қолдану жеткілікті және тырнақ ваннасы мен тырнақ егеуіштен де жұғуы мүмкін. Қолданылған тарақпен қызмет еткеннен кейін де жұқтыру ықтималдығы жоғары болады.
Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес косметикалық қызметтерді кемінде үш жиынтық болған кезде жүргізеді. Терінің, шырышты қабаттардың зақымдануы мүмкін манипуляцияның барлық кезеңдері клиент үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек.
Парентеральді гепатитттермен және адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырудың алдын алу мақсатында қолдың қанмен ластануы орын алатын барлық манипуляциялар резеңке қолғаппен жүргізіледі.
Косметикалық манипуляциялар үшін пайдаланылатын құралдар әрбір клиенттен кейін алдын ала сумен жуусыз дезинфекциялық ерітіндіге салынады. Дезинфекция аяқталғаннан кейін құралдар стерильдеу алдында тазартылады және стерильденеді.
Жақсы салон таңдау үшін аса байыптылық қажет, өйткені салоннан сұлу болып шығу ғана емес, сонымен бірге денсаулығыңызға нұқсан келуі мүмкін болатын жағдайлардың да алдын аласыз.
(Фото ашық дереккөздерден алынды)