
Бүгін мейірбикелер күніне орай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алаңында "Мейірбике ісін дамыту. Қазіргі. Болашақ" халықаралық форум жұмысын бастайды.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі мейірбикелердің рөлі жыл сайын маңызды бола түсуде. Уақыт талабына сәйкес орта медперсоналдың емдеу үдерісіне қатысуы артып келеді, емделушінің денсаулығы үшін кәсіби жауапкершілігі сияқты функционалы да кеңеюде.
Жыл сайын Қазақстанда оқу орындарында 23 000 орта медициналық қызметкер, оның ішінде 6000 - ға жуық мейірбике, 3000 практик шығарылады. Қазіргі уақытта колледждердегі оқушылар контингенті 93 мыңнан астам болашақ медицина қызметкерлерін құрайды.
Олар мейірбике ісі, акушерлік-емдеу ісі, фармация, зертханалық диагностика, стоматология, ортопедиялық медициналық оптика сияқты 9 мамандық бойынша оқытудан өтеді.
Орта буындағы жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің үлесі ең көп және бүгінде ел бойынша 188 мың адамды құрайды, оның ішінде ауылда 54 мың мейірбике жұмыс істейді.
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі біздің барлық мейірбикелерімізді халықаралық кәсіби мерекемен құттықтайды!
Сіздердің күн сайынғы еңбектеріңіз бен шыдамдылықтарыңыз, мейірімділіктеріңіз және ұзақ тәжірибелеріңіздің арқасында науқастар аяққа тұрып, толықтай жазылып кетуге сенімдері пайда болады.
Шалғай ауылдардағы ауылдық мейірбикелер жаңа туған нәрестелердің патронажынан бастап, аға буынның қамқорлығына дейінгі барлық медициналық көмекті атқарады.
Әрқайсыңызға отбасыларыңызға амандық, кәсіби өсу, сарқылмас қуат және жағымды эмоциялар тілейміз!