"Visit Аqmola" Туристік ақпараттық орталығының жаңа басшысы тағайындалды

"Visit Аqmola" Туристік ақпараттық орталығының жаңа басшысы тағайындалды

Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурскийдің бұйрығымен Данияр Даиров «Visit Аqmola» Туристік ақпараттық орталығының жаңа басшысы болып тағайындалды.
Данияр Еркінұлы Даиров 1995 жылы Көкшетау қаласында дүниеге келген. 2017 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2017 жылы «Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы» КММ жастармен жұмысты үйлестіру бөлімінің маманы болып бастаған.
2018 жылдың маусым айынан бастап - Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы» КММ жастармен жұмысты үйлестіру бөлімінің басшысы болды. 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап – «НОВОПЭК» КТ «Асыл Арман» ЖШС қауіпсіздік қызметінің басшысы болып жұмыс істеді.