
2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу Жалпыұлттық стратегиясын іске асыру аясында Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бизнесті және экономиканың нақты секторын технологиялық жаңғыртуға бағытталған негізгі бастамаларды ұсынады.
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің басшылығымен Қазақстанда еңбек өнімділігін бірнеше есе арттыруға, шығындарды қысқартуға және отандық бизнестің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономиканың нақты секторы мен негізгі салаларын ауқымды цифрлық трансформациялау жұмыстары басталды.
Осы стратегиялық бағыт шеңберінде жасанды интеллектті, цифрлық егіздерді және зияткерлік платформаларды енгізу арқылы агроөнеркәсіптік кешенді, құрылысты, қаржы сеторын, мұнай-газ саласын және шағын бизнесті қамтитын, міндетті аспаптық есебі бар басқарылатын цифрлық архитектура құрылуда.
Сонымен қатар, машинооқыту және үлкен деректерді талдау саласында серпінді шешімдерді әзірлеу үшін озық қуаттарды, ғылыми-зерттеу институттары мен технологиялық компанияларды біріктіруге арналған, есептеу орталықтарының жобалық қуаты 1 ГВт-қа жететін флагмандық жоба - «Деректер орталықтарының алқабы» болып табылатын робототехника, ұшқышсыз жүйелер, цифрлық активтер және ғарыш технологияларын қоса алғанда, болашақ индустрияларын жедел дамыту үшін жағдайлар қалыптасуда.
Бұл міндеттерді іске асыру мемлекет пен бизнестің стратегиялық әріптестігіне, жеке инвестицияларды, халықаралық сарапшылар мен вендорларды тартуға сүйенеді, бұл отандық IT-қызметтердің экспортын екі есе ұлғайтуға және жаһандық нарыққа кемінде үш «unicorn» компанияны шығаруға мүмкіндік береді.
Цифрлық экономиканы дамыту мақсатында кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді цифрлық трансформациялау, тәуекелдерді басқару жүйесін жаңғырту және ашықтықты арттыруға, әкімшілік жүктемені азайтуға және бақылау процестерін автоматтандыруға бағытталған міндетті талаптардың бірыңғай цифрлық тізілімін құру дәйекті түрде жүзеге асырылуда. Жалпы ішкі өнімнің бақыланбайтын экономика үлесін 1,5 пайыздық тармаққа төмендету үшін зияткерлік салықтық бақылауды енгізуді, салық төлеушінің цифрлық бейінін дамытуды, Тауарлардың бірыңғай ұлттық каталогын, цифрлық таңбалау жүйесін дамытуды, техникалық реттеу АЖ құру жөніндегі шараларды қабылдауды және B2B электрондық құжат айналымын дамытуды қамтитын «Көрінбейтін салықтық әкімшілендіру» шаралар кешені бекітілді.
Ауқымды қайта құрулар бекітілген негізгі жобалар мен стратегиялық жоспарлар аясында базалық салаларды қамтиды. «Цифрлық энергетика» негізгі жобалары операциялық цифрлық егіздерді, стратегиялық цифрлық модельдерді, шығындарды вертикалды мониторингтеуді, мұнай-газ саласының реттеушілік тетіктерін және мұнай өнімдерін тұтас қадағалау жүйесін енгізу арқылы ЖЭК негізгі активтерінің кемінде 70% және энергетикалық ресурстардың басым тізбектерінің 80% цифрлық мониторингпен және тәуекел-бағдарланған басқарумен қамтуға бағытталған.
«Цифрлық өнеркәсіп және құрылыс» жобасы өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің 5-7% өсуін, геологиялық барлауға жеке инвестициялардың 30% өсуін және ЖИ-геоаналитикасы бар Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын, BIM жобалау ортасын және Өнеркәсіптің ұлттық ақпараттық жүйесін дамыту есебінен жаңа техникалық күрделі объектілердің өмірлік циклін жүз пайыздық цифрлық қамтуды қамтамасыз етеді.
Көлік сеторында «Цифрлық көлік» ұлттық жобасы басым өткізу пункттерінен өту уақытын 30 минутқа дейін қысқарту, Smart Cargo көмегімен басым тасымалдардың кемінде 80%-ын цифрлық паспортпен және трекингпен, сондай-ақ Smart Cargo жүйесін дамыту және e-kolik зияткерлік көлік жүйесін енгізу арқылы дәліздер мен түйіндердің кемінде 80%-ын зияткерлік талдаумен қамту мақсатты көрсеткіштерін белгілейді.
Агроөнеркәсіптік кешенде «Цифрлық АӨК» ұлттық жобасы e-АПК платформасын, шаруашылықтардың цифрлық бейіндерін, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және құс шаруашылығындағы қадағалау жүйелерін, мемлекеттік қызметтер мен субсидиялаудың бірыңғай терезесін, жерді цифрлық басқаруды, ЖИ-ассистенттері бар Smart-фермаларды және Digital Agro Market сауда алаңын құру арқылы субсидия алушылардың жалпы өнімінің 3-5% өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Шағын және орта бизнес сегментінде ШОБ және комплаенсты цифрландыру жөніндегі жоспар Цифрлық бизнес картасы, тексерілген ЖИ-шешімдер кітапханасы және цифрлық комплаенс есебінен жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің кемінде 30%-ын жеке шешімдерді енгізе отырып және төмен тәуекелді кәсіпорындардың физикалық тексерулерін 30%-ға қысқарта отырып, цифрлық жетілдіру деңгейін бағалаумен қамту міндетін қояды.
Өзгерістер контурының қорытынды элементі робототехника мен автономды технологияларды дамытуға бағытталған шаралар кешені болады.
Робототехниканы дамыту жетекші әлемдік өндірушілерді тартуды, заманауи роботтандырылған шешімдерді енгізуді және осы саланың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруді көздейді. Бұл шараларды іске асыру процестерді автоматтандыру деңгейін көтеруге, әр түрлі салаларда робототехникалық технологияларды қолдануды кеңейтуге және инновациялық экономиканы дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Автономды технологияларды дамыту шеңберінде ұшқышсыз таксилер мен автономды жеткізу сервистерін коммерциялық пайдаланудың реттелетін режимі бар кемінде үш қала немесе пилоттық аймақ құру жоспарлануда. Бұл ұшқышсыз көлікті пайдаланудың қауіпсіз модельдерін сынақтан өткізуге және енгізуге, көлік қызметтерінің тиімділігін арттыруға және автономды ұтқырлықты одан әрі ауқымдау үшін қажетті инфрақұрылымды қалыптастыруға мүмкіндік береді.