Жасанды интеллект және цифрлық даму министргілі байланыс қызметін реттеді: ақылы қызметтер енді абоненттің қос келісімімен ғана қосылады

Жасанды интеллект және цифрлық даму министргілі байланыс қызметін реттеді: ақылы қызметтер енді абоненттің қос келісімімен ғана қосылады

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына маңызды өзгерістер енгізді. 18 маусымда қол қойылған бұйрық азаматтарға барынша жайлылықты қамтамасыз етуге және олардың цифрлық ортадағы құқықтарын сенімді қорғауға бағытталған.

Енді қосымша ақылы байланыс және интернет қызметтері абоненттің екі мәрте келісімімен ғана қосылады, оны жеке кабинет, SMS, қоңырау немесе USSD-сұраныс арқылы растауға болады.

Сонымен қатар, операторларға жіберіп алынған қоңыраулар туралы хабарлау үшін қысқа «маяк» қоңырауларын пайдалануға толықтай тыйым салынады. Бұған дейін бұл қызметті өшіру мүмкіндігі болған, алайда тәжірибеде ол екі абоненттің де — қоңырау шалушының да, қоңырауды қабылдаушының да — бұл опцияны өшірген жағдайында ғана жұмыс істейтін. Енді бұл техникалық қайшылық жойылды және «маяктардың» орнына ыңғайлы әрі түсінікті SMS-хабарлама форматы келеді.

Пайдаланушылардың операторлардың кез келген жарнамалық және ақпараттық таратылымдарынан оңай бас тарту мүмкіндігі маңызды толықтыру болды.

Сондай-ақ, 14 жасқа толмаған балаларға нөмірлерді тіркеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары күшейтілді: енді бұл процедураны тек заңды өкілдері биометриялық сәйкестендіру арқылы жүргізеді, бұл ретте бір кәмелетке толмаған балаға тек бір нөмір ғана рәсімделе алады.

Жаңа нормалар 28 маусымнан бастап күшіне енеді. Бұл өзгерістер ЖИЦДМ-нің тұтынушылардың құқықтарын қорғау және цифрлық сервистердің сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады, бұл жарияланған ЖИ жылындағы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарына толық сәйкес келеді.