
Қазақстанда «Red Team & Blue Team Cyber Academy» білім беру бағдарламасына іріктеудің қорытындысы шығарылды. «Ұлттық киберқалқан» CTF-турнирінің нәтижесі бойынша грант иегерлері атанған қатысушылармен салтанатты кездесу өтті.
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиевтің қатысуымен өткен іс-шара ақпараттық қауіпсіздік саласындағы IT-мамандар мен жаңадан бастаған сарапшылар арасында жобаға деген сұраныстың жоғары екенін дәлелдеді: еліміздің барлық өңірінен жалпы саны 1567 өтінім келіп түсті. Іріктеу нәтижесі бойынша 361 қатысушы «Ұлттық киберқалқан» CTF-турниріне қатысып, оның қорытындысы бойынша «Red Team & Blue Team Cyber Academy» бағдарламасы аясында тегін оқуға грант алған 100 жеңімпаз анықталды.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Astana Hub-пен серіктестікте Tech Orda бағдарламасының және «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-ның Interactive range платформасы негізінде жүзеге асырылып жатқан бұл білім беру бастамасы IT саласында базалық құзыреті бар 18 бен 45 жас аралығындағы азаматтарды қамтиды. Қатысушылар алты ай бойы қарқынды онлайн форматта білім алады, бұл талантты мамандарға географиялық орналасуына қарамастан озық білімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Кездесу барысында вице-министр стипендиаттарды іріктеуден сәтті өткендерімен құттықтап, еліміздегі Жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаның маңыздылығын атап өтті. Досжан Мұсалиев бағдарламаның «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы аясындағы ауқымды мемлекеттік өзгерістердің ажырамас бөлігі екенін баса айтты: «Білікті кадрларды даярлау - бүгінде мемлекетіміздің цифрлық егемендігінің негізі. «Red Team & Blue Team Cyber Academy» бағдарламасы қазіргі заманғы киберқауіптерге тиімді қарсы тұруға және Қазақстанның маңызды цифрлық инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қабілетті сарапшылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған».
Іс-шара аясында ұйымдастырушылар қатысушылармен оқу бағдарламасын талқылады. Ол екі негізгі бағытты қамтиды: тестілеуден өткізуге бағытталған Red Team және жүйелерді бақылау мен қорғау дағдыларын дамытуға бағытталған Blue Team.
Айта кетейік, бұл бастаманың бірегейлігі оның терең практикалық бағыттылығында: классикалық теориялық курстардан айырмашылығы, Академиядағы оқыту нақты кибершабуылдар мен қорғаныс