
Астанада ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілі мен Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиевтің жұмыс кездесуі өтті. Жиынға елдің негізгі министрліктерінің басшылары да қатысты.
Қатысушылар өскелең ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған ЖИ және цифрлық трансформация саласындағы бірлескен жұмыстың басымдықтарын талқылады. Бұл серіктестік Мемлекет басшысы тарапынан «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланған биылғы жылы ерекше өзектілікке ие болып отыр. Екіжақты диалог барысында ЮНИСЕФ Қазақстан Үкіметінің технологияларды дамыту, мемлекеттік қызметтерді жаңғырту және этикалық аспектілерді нығайту, ЖИ-ді жауапты қолдану мен деректерді қорғау саласында іске асырып жатқан инновациялық реформаларының жоғары қарқынын атап өтті. Тараптар Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен ЮНИСЕФ арасындағы ұзақмерзімді ынтымақтастық ортақ әрі маңызды мақсат - балаларға жаңа білім беруге және әлеуметтік мүмкіндіктер ашатын қауіпсіз, этикалық және инклюзивті цифрлық ортаны құру төңірегеінде өрбитінін баса айтты.
Премьер-Министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев: «Мемлекет басшысының ауқымды цифрландыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыра отырып, біз технологиялардың адамгершілік құндылықтармен үйлесімде дамуы тиіс екенін және ең алдымен - баршаның, әсіресе мен әлеуетін ашудың сенімді тірегі болуына ұмтыламыз». «Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект балалардың білім алуы, дамуы және қоғам өміріне араласуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар, бұл технологиялардың қауіпсіз, инклюзивті және бала құқықтарын қорғауға бағытталған күйінде қалуын қамтамасыз ету маңызды. ЮНИСЕФ Қазақстанның цифрлық инновацияларды ілгерілетудегі көшбасшылығын құптайды және теңсіздікті азайтуға, әлеуетті әлеуметтік қызметтердің тиімділігін арттыруға және цифрлық дәуірде әрбір бала өз әлеуетін іске асыра алатын жағдайларды жасауға көмектесетін шешімдерді әзірлеуде Үкіметке бұдан былай да қолдау көрсетуге дайын», - деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілі доктор Рашед Мустафа Сарвар.
Бүгінгі таңда ҚР ЖИЦДМ, ЮНИСЕФ және бейінді ведомстволар бірлескен жұмыс жоспарын белсенді түрде жүзеге асыруда. Тараптар пилоттық зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып, әлеуметтік осал топтағы отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмектің атаулылығын арттыру мақсатында деректерді талдау үшін ЖИ-дің инновациялық әдістерін енгізуде.
Астанадағы Жасанды интеллект апталығы аясында ұлттық ЖИ-стратегияларының балаларға тигізетін әсерін бағалау үшін форсайт-сессия өткізу, сондай-ақ UNICEF-тің жауапты ЖИ принциптерін ілгерілететін «AI & Digital Bridge 2026» халықаралық форумына белсенді қатысуы маңызды қадам болмақ.
Сонымен қатар Астана қаласы мен Маңғыстау облысында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының интегралдық индексін Отбасының цифрлық картасына енгізу бойынша пилоттық жоба бастау алуда, бұл жергілікті жерлерде балалардың әл-ауқатын дәлірек қадағалауға көмектеседі.
ЮНИСЕФ пен ҚР ЖИЦДМ балалардың мүдделеріне бағдарланған және олардың цифрлық әлемдегі жан-жақты қауіпсіздігіне кепілдік беретін цифрлық экожүйені одан әрі құруға ниеттерін растады.