Қазақстанда Байланыс қызметкерлері күніне орай техникалық мамандар арасындағы дәстүрлі салалық конкурс басталды. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған бұл ауқымды шара биыл екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.
Бұл бастама — «Жасанды интеллект және цифрландыру жылы» аясында инженерлік мамандықтардың беделін арттыруды көздейтін маңызды жоба.
Биыл үздік атану үшін еліміздің жетекші 9 телекоммуникациялық компаниясының командалары бақ сынауда. Байқауға «Қазақтелеком» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС, «Кселл» АҚ, «КаР-Тел» ЖШС, «Jusan Mobile» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Freedom Telecom Operations» ЖШС және «Elitecom» ЖШС қызметкерлері қатысуда.
Жарысты негізгі кезеңі талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) дәнекерлеу бойынша практикалық сынақтарға арналған. Бұл процесс желілік инфрақұрылымды құрудағы аса маңызды кезеңдердің бірі саналады. Себебі байланыс сапасы, интернеттің тұрақтылығы және деректерді беру жылдамдығы тікелей осы қосылыстардың сапасына байланысты.
Конкурсты өткізу байланыс саласы қызметкерлерінің кәсіби мәртебесін арттыруға ғана емес, телекоммуникация саласындағы мамандар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.