Алғаш рет өтетін GITEX AI Kazakhstan Орталық Азияның жаһандық цифрлық экономикадағы дамуына тың серпін береді

Алғаш рет өтетін GITEX AI Kazakhstan Орталық Азияның жаһандық цифрлық экономикадағы дамуына тың серпін береді

Жасанды интеллектке (ЖИ) бағытталған Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық көрме келесі аптада Алматыда алғаш рет ашылып, Қазақстанды өңірдің цифрлық және технологиялық көшбасшылық жолындағы алдыңғы қатарға шығарады. Осылайша жаһандық инновациялар, технологиялық капиталды тарту және трансшекаралық ынтымақтастық тарихының жаңа бетін ашпақ.

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында GITEX AI Kazakhstan 2026 жылғы 4-5 мамыр аралығында «Атакент» халықаралық көрме орталығында 60-тан астам елдің саясаткерлерін, корпоративтік сектордағы технологиялық алпауыттарды, стартаптар мен инвесторларды бір ортаға жинайды. Мұндағы мақсат – Орталық Азия мен Кавказдың әлемдік технологиялық көшбасшылысы атануын жеделдету.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары қолдауымен өткізіледі. Ұйымдастырушылар – ҚЗ Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub және Алматы қаласының әкімдігі.

Көрмені ұйымдастырумен әлемдегі ең ықпалды технологиялық платформаны Еуразия жүрегіне әкелген жаһандық ұйымдастырушы inD компаниясы (GITEX) айналысады. Іс-шара осы саланың қарқынды дамуына тұспа-тұс келіп отыр: dealroom.co сараптамалық платформасының мәліметінше, соңғы жеті жылда Қазақстанның технологиялық экожүйесі 18 есеге өсіп, жалпы құны $26 млрд-қа жетті.

Алматыдағы GITEX AI Kazakhstan 300-ден астам технологиялық компания мен стартаптың, 150 спикердің және 100 инвестордың басын қосады. Көрме халықаралық серіктестіктің, жаһандық нарыққа шығудың және жекелеген ЖИ-дан бастап инвестициялар мен адами капиталды дамытуға дейінгі негізгі тақырыптар талқыланатын алаң болмақ.

Көрменің ашылуы қарсаңында, Орталық Азияның технологиялық күн тәртібі үшін шешуші оқиғаға айналатын іс-шара алдындағы соңғы дайындықтар қарқын алған тұста өткен медиабрифингте билік өкілдері мен экожүйенің көшбасшылары ЖИ және цифрлық даму саласындағы өз бағдарларын айқындады.

Олжас Смағұлов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары: «Алматы – Қазақстанның IT саласының негізгі орталығы: мұнда елдегі барлық IT-компанияның үштен біріне жуығы шоғырланған, ал олардың үлесіне IT-қызметтердің жалпы көлемінің 52%-ы тиесілі. Қала стартаптар, инвестициялар және инновацияларға тартымды орталық ретіндегі беделін жүйелі түрде нығайтып келеді. GITEX AI Kazakhstan Алматының біздің цифрлық болашағымызды қалыптастыратын идеялар, капитал және серіктестіктер тоғысатын орталық екенін тағы бір рет дәлелдейді».

Дания Ахметова, Digital Bridge директоры (Astana Hub): «GITEX AI Kazakhstan 2026 іс-шарасының жаһандық ауқымда ұйымдастырылуы және Astana Hub-тың тең ұйымдастырушы ретіндегі қатысуы еліміздің технологиялық экожүйесі үшін тың мүмкіндіктерге жол ашады. Атап айтқанда, бұл қадам халықаралық нарықтарға шығуға, инвестициялар мен жаһандық серіктестіктерді тартуға, сондай-ақ озық технологиялар мен сараптамалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде жобалар жедел дамып, ұлттық шешімдердің қолданыс аясы кеңейе түседі, бұл өз кезегінде саланың тұрақты өркендеуіне және Қазақстанның әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігінің артуына оң ықпал етеді».

Өңір – жаһандық цифрлық инфрақұрылымдық серпілістің орталығында

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанда мобильді интернеттің таралуы 93%-ға жетті, бұл көрсеткіш өңірді телекоммуникация, бұлтты есептеулер және цифрлық инфрақұрылым саласы үшін ыңғайлы ортаға айналдырды. Қазақстан бұл бағытта көш бастап тұр: дата-орталықтардың қуаттылығы 2025 жылғы 4 000 бағаннан 2030 жылға қарай 20 000 бағанға дейін өсуі тиіс, ал бұл 180 МВт-тан асады.

ЖИ есептеу қуаттарының артуы Қазақстанды трансшекаралық инвестициялар үшін маңызды бағытқа айналдырады. GITEX AI Kazakhstan 2026 аясында осы мүмкіндіктер таныстырылып, Қытай, Германия, АҚШ, Түркия, Ұлыбритания, БАӘ, Франция және Үндістаннан келген компаниялар арасында талқыланады.

Қатысушылар қатарында әлемдік технологиялық көшбасшылар бар: Cisco, Cloudflare, Google Cloud, Huawei, Dell, H3C Technologies, Lenovo, Trend Micro, Hikvision, HP, Noventiq, Redington, Salesforce, Vertiv пен Yandex және т.б. Олар GITEX AI Kazakhstan көрмесінде мемлекеттік деңгейдегі ЖИ инфрақұрылымынан бастап қорғалған жүйелер мен GovTech саласындағы бастамаларға дейінгі нақты шешімдерді ұсынып, өңірдегі технологиялардың дамуын жеделдетеді.

Халықаралық алпауыттармен қатар көрмеге алғаш рет Қазақстанның жетекші технологиялық компаниялары да қатысады: Kazakhtelecom – елдегі нарықтың 60%-дан астамын қамтитын мемлекеттік телеком-алып; Kcell – Қазақстандағы аса ірі мобильді оператор әрі алғашқы 5G желісінің тең әзірлеушісі; Beeline Kazakhstan – VEON тобына кіретін Қазақстандағы жалғыз ірі тәуелсіз мобильді оператор; және Akashi Data Center – Астанада орналасқан Tier IV деңгейіндегі, Еуразиядағы алғашқы әрі ең ірі деректер орталығы.

Негізгі қатысушылардың қатарындағы мемлекеттік басқару мен маңызды инфрақұрылымға арналған интеллектуалды шешімдердің жаһандық әзірлеушісі Presight компаниясы халықаралық ынтымақтастықтың көшбасшысы ретінде қатысады.

Мағжан Кеңесбай, Presight компаниясының даму жөніндегі директоры: «Қазақстан Presight үшін ұзақ мерзімдегі стратегиялық даму нарығы: біз мұнда 60-тан астам маманнан тұратын жергілікті командамен Үкіметтің ЖИ-серіктесі ретінде жұмыс істейміз. Орталық Азия нарықтың дамуына мол мүмкіндік ашады және GITEX AI Kazakhstan ЖИ-ді ауқымды деңгейде енгізудің ұзақ мерзімді жобаларына айнала алатын қазіргі серіктестіктерді нығайтуға және жаңа байланыстар табатын маңызды алаң болмақ».

Орталық Азияның стартап шебіне жаһандық капитал келуде

Қазіргі уақытта Қазақстанның ЖИ-экожүйесінде 100-ден астам жоба белсенді дамып жатыр. 2023-2025 жылдары венчурлық инвестициялар көлемі бес еседен астам өсті, осы уақыт ішінде елде алғашқы ЖИ- unicorn – Higgsfield пайда болды.

GITEX AI Kazakhstan 2026 көрмесі бұл үрдіске жаңа серпін береді: активтерінің жалпы көлемі $200 млрд-тан асатын 28 елдің 100-ден астам инвесторы өңірдегі ЖИ-стартаптарға қаржы құюға дайын.

Инвесторлардыңарасында Punch Capital (АҚШ), Creww (Жапония), Enhance Ventures (БАӘ), IDA Capital (Түркия), Adagia Partners (Франция) және Италия, Германия, Нидерланды, Румыния, Сербия мен Испания елдерінің қорлары бар. Олар өңірдің әлеуетті технологиялары мен стартаптарын зерделеуді жоспарлап отыр, олардың қатарында Astana Hub және IT Park Uzbekistan-ды қоса алғанда 100-ден астам жоба бар.

Мұрат Абдрахманов, дүние жүзі бойынша ерте сатыдағы технологиялық стартаптарға инвестиция құюмен айналысатын MA7 VC қорының негізін қалаушы: «Болашақ – жаһандық мақсатты көздейтін ойлайтын AI-стартаптарда, яғни, алғашқы күннен бастап ЖИ айналысында жұмыс істейтін жобаларда. Қазақстан мен Орталық Азияда мұндай жобаларды, соның ішінде болашақ ЖИ-«юникорнды» да мол шығаруға мүмкіндік көп. GITEX AI Kazakhstan әлемдік капиталға осы мүмкіндікке ерте бастан кірудің жақсы мүмкіндігі болмақ».

Өңірдің цифрлық болашағын айқындайтын оқиға

GITEX AI Kazakhstan екі күн бойы өңірдің болашағы туралы – технологиялардан бастап инвестицияға дейінгі тақырыптар талқыланатын  пікірталастардың алаңы болмақ. Оған 60 елден келген 150-ден астам сарапшы спикер қамтылған.

Диверсификация бойынша саммитте министрлер мен шенеуніктер бас қосып, цифрлық стратегиялар мен өнеркәсіптік ЖИ-дің дамуы туралы пікір алмасады. Сонымен қатар ЖИ және финтехтен бастап киберқауіпсіздік пен ақылды энергетика тақырыптары талқыланып, өңір экономикасының болашағы туралы диалог орнайды.

NXT Stage сахнасында стартаптардың, финтех, ақылды қалалар мен ЖИ дамуын талқылау үшін негізін қалаушылар, инвесторлар мен билік өкілдері бас қосады. АлSupernova Pitch финалистері өздерінің жобаларын жаһандық инвесторларға тікелей шығу таныстыра алады.

Негізгі баяндамашылардың арасында – Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев, сонымен қатар, Грузия Білім, ғылым және жастар министрі Байя Квициани. Оларға  01.AI бас директоры және ЖИ саласындағы ең ықпалды сарапшылардың бірі Кай-Фу Ли, G42 International бас директоры Мансур Әл Мансури, Presight бас директоры Томас Прамотедхам, Alpha Intelligence Capital компаниясынан Шарль-Эдуар Буэ, сонымен қатар, Сауд Арабиясы, Тәжікстан және Кавказ елдерінің жоғары лауазымды шенеуніктері қосылады.

Билал Аль Раис – GITEX-тің жаһандық ұйымдастырушысы inD компаниясының портфельдік технологиялардың өсуі және цифрлық даму жөніндегі вице-президенті: «Орталық Азия мен Кавказ бүгінде дамушы нарықтар туралы әдеттегі түсініктердің көбінен асып кеткен. Стратегиялық қайта бағдарлану кезеңінде бұл өңір сирек кездесетін қасиетке ие болып отыр: мұнда адами капитал, цифрлық дайындық және ұлттық амбициялар бірігіп, назар аударарлық ұғымға айналуда.

GITEX AI Kazakhstan технологиялық алпауыттарды, стартаптарды, инвесторларды, саясаткерлер мен көш бастаушыларды біріктіріп, бұл үрдіске жаңа серпін береді, болашаққа нық қадамды жеделдетіп, Орталық Азияның жаһандық ЖИ-экономикасының болашақ архитектурасына деген ұмтылысын нық бекітпек.».