Экологиялық күн тәртібінің цифрлық векторы

Экологиялық күн тәртібінің цифрлық векторы

Астанада, Өңірлік экологиялық саммит аясында табиғи мұраны сақтаудағы жоғары технологиялардың рөлін пайымдаудың маңызды кезеңіне айналған ауқымды пікірталас өтті. Заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект мүмкіндіктерінің синергиясына арналған панельдік сессия өз алаңында жетекші отандық және халықаралық сарапшылардың басын қосты.

Бұл маңызды іс-шараның ұйымдастырушысы ретінде Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің белсенді қолдауымен шықты.

Сессия модераторы, IDC вице-президенті Андрей Беклемишев кәсіби диалогтың бағытын айқындап, салааралық өзара іс-қимылдың стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығының Бас директоры Асхат Кожумовтың баяндамасы ерекше практикалық қызығушылық тудырды. Ол KazDevLab IT-компаниясының өкілдерімен бірлесіп, экологиялық мониторинг жүйесіне ЖИ-аналитиканы енгізудің озық тәжірибесін таныстырды, бұл табиғи ресурстарды жедел басқару үшін сапалы жаңа бағыттар ашпақ.

Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау тақырыбын Жансанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Өңірлерді цифрлық дамыту департаментінің директоры Назгүл Бажаева жалғастырып, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және экологиялық қауіпсіздігіне бағытталған ЖИ негізіндегі G2C-жобалардың әлеуетін ашып көрсетті. Өз кезегінде, үйлестіруші Азамат Кауазов өңірлік деректерді интеграциялаудың маңызды құралына айналған Орталық Азия климаттық ақпараттық платформасының функционалдық мүмкіндіктерін таныстырды.

Талқылауға халықаралық сарапшылар Olena Bura және Nicholas Smith-тің белсенді қатысуы қарастырылып отырған мәселелердің жаһандық контекстегі жоғары өзектілігін растады. Өткен сессия озық тәжірибе алмасудың тиімді платформасына айналып қана қоймай, сонымен қатар прогресс пен экологиялық жауапкершілік өңірді дамытудың біртұтас стратегиясының ажырамас буыны болып табылатын тұрақты күн тәртібін ілгерілетудегі Қазақстанның көшбасшылық позициясын нақты көрсетті.