Қазақстан ЖИ мен серпінді технологиялар негізінде болашақ экономикасын құруда

Қазақстан ЖИ мен серпінді технологиялар негізінде болашақ экономикасын құруда

Цифрлық активтер мен серпінді технологиялар Қазақстанның жаңа экономикалық моделінің негізіне айналуда. Шымкенттегі форум аясында кеше ғана ғылыми фантастика болып көрінген «ақылды» реттеу мен шешімдерді енгізуге арналған панельдік сессия өтуде. Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов блокчейн, жасанды интеллект және ұшқышсыз көліктердің үйреншікті салаларды қалай өзгертетіні туралы ойымен бөлісті.

 

Қатысушылар технологиялар эволюциясының келесі кезеңі - Physical AI-ды дамытуға ерекше назар аударды. Егер қарапайым ЖИ цифрлық ортада өмір сүрсе, Physical AI нақты әлемге шығады: машиналар жай ғана «ойлап» қоймай, логистика мен өндірісте автономды түрде әрекет ете бастайды. Дәл осы «ақыл» мен «темірдің» тоғысуынан пайда болған роботтар күрделі міндеттерді өз мойнына алып жаңа технологиялық құрылымды қалыптастырады.

Yandex Qazaqstan компаниясының басшысы Тимур Шалекенов Physical AI тұжырымдамасы және электрондық коммерцияның қарқынды өсуі мен курьерлер тапшылығының артуына байланысты күтіліп отырған пилотсыз көлік пен роботтандырылған жеткізу технологияларының қарқынды дамуы туралы айтты. Сондай-ақ, Қазақстанның мұндай шешімдерді енгізу үшін неге тартымды алаң екені атап өтіліп, елімізде іске қосылған технологиялық шешімдер таныстырылды.

 

Пікірталас аясында Freedom X ұсынған «moonshot» технологиялары таныстырылды. Бұл жай ғана «хайп» емес, робот-иттерден бастап дрон-киоскілерге дейінгі жұмыс істеп тұрған экожүйе. Идея қарапайым адами қажеттіліктен - шалғайдағы ауыл тұрғындарын тамақпен, дәрі-дәрмекпен және әлеуметтік маңызы бар тауарлармен жедел қамтамасыз етуден туындаған. Өткен жылы пилоттық жоба ретінде басталған дрон арқылы жеткізу жобасы қазірдің өзінде жұмыс фазасына өтуде. Команданың бұл тәжірибесі ашық research-материалдар түрінде рәсімделген, онымен Қазақстан әлемдік нарықпен бөлісуге дайын.

 

Ғиззат Байтұрсынов мұндай серпінді шешімдер, соның ішінде жаңа Алатау сити қаласындағы жобалар икемді құқықтық ортаны қажет ететінін атап өтті. Қазақстанның жаңа экономикасы инновациялар мен қауіпсіздік теңгеріміне негізделеді, мұнда цифрлық қаржы құралдары мен автономды жүйелер - жердегі және әуедегі  қалалық инфрақұрылымның табиғи бөлігіне айналады.