Қазақстанда Digital Nauryz аясында жасанды интеллект бойынша ашық оқыту іс-шаралары өтеді

Қазақстанда Digital Nauryz аясында жасанды интеллект бойынша ашық оқыту іс-шаралары өтеді

2026 жылғы 17–18 наурыз күндері Наурызнама онкүндігі аясында еліміздің барлық өңірлерінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктеріне арналған ашық оқыту іс-шаралары өткізіледі. Бұл бастама «Digital Nauryz» мерекесіне және Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай ұйымдастырылып отыр.

Іс-шаралар халық көп жиналатын орындарда - қалалық алаңдарда, сауда-ойын-сауық орталықтарында (СОО), IT-хабтарда және креативті кеңістіктерде еліміздің әртүрлі өңірлерінде өткізіледі. Мұндай формат жасанды интеллект тақырыбын кең аудитория үшін түсінікті әрі қолжетімді етуге, сондай-ақ өңір тұрғындарын заманауи цифрлық құралдармен таныстыруға мүмкіндік береді.

Кездесулер барысында қатысушыларға жасанды интеллектті бүгіннің өзінде күнделікті өмірде, жұмыста және оқуда, контент жасауда, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуда қалай қолдануға болатыны түсіндіріледі. Бірқатар өңірлерде AlemGPT платформасының, яғни Жасанды интеллекттің ұлттық платформасының мүмкіндіктері де таныстырылады.

Өңірлерде ашық оқыту іс-шараларын өткізу халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және Қазақстанда жасанды интеллектті пайдалану мәдениетін кеңінен дамытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болмақ.

 

Күні

Аймақ

Өтетін орны

Тақырып

1

17.03.2026

13.00-15.00

Астана

«Хан Шатыр» Сауда-ойын орталығы (СОО)

Alemgpt, Ұлттық жасанды интеллект платформасы

1

17.03.2026

Шымкент

Арбат

Күнделікті өмірде ЖИ қолдану.

AlemGPT. Ұлттық жасанды интеллект платформасы

3

17.03.2026

Атырау облысы

Маруси Асаубаева атындағы Шығармашылық орталығы.

Күнделікті өмірде ЖИ қолдану.

 

4

17.03.2026

ШҚО

Oskemen Hub

Білім үшін ЖИ

5

17.03.2026

Жетісу облысы

Орталық Арбат

Күнделікті өмірде ЖИ қолдану.

AlemGPT. Ұлттық жасанды интеллект платформасы

6

17.03.2026

БҚО

«Атриум» Сауда үйі

Күнделікті өмірде және мемлекеттік қызметте ЖИ қолдану

7

17.03.2026

Костанайская область

«Kostanay Plaza» СОО

Күнделікті өмірде ЖИ қолдану.

AlemGPT. Ұлттық жасанды интеллект платформасы

 

8

17.03.2026

Қызылорда облысы

«Жібек жолы» СОО

Генеративті ЖИ, ЖИ негізінде контент құру, СеулТех ЖИ институты

9

17.03.2026

Павлодар облысы

СуперЦОН

Күнделікті өмірде ЖИ қолдану.

 

10

17.03.2026

СҚО

«City Mall» СОО

Күнделікті өмірде ЖИ қолдану.

 

11

17.03.2026

Түркістан облысы

 «Turan Mall» СОО

Күнделікті өмірде ЖИ қолдану.