Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі назарларыңызға «Наурызнама-Digital Nauryz» онкүндігіне арналған мерекелік іс-шаралар бағдарламасын ұсынады

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі назарларыңызға «Наурызнама-Digital Nauryz» онкүндігіне арналған мерекелік іс-шаралар бағдарламасын ұсынады

2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланып, бүкіл мерекенің негізгі бағытын айқындайды. Наурыз алғаш рет мәдениет пен цифрлық технологиялар симбиозын паш ететін алаңға айналады.

2026 жылғы 12 наурызда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Digital Nauryz» онлайн-платформасын іске қосты, онда мереке күндері Қазақстанның әр өңірінде жоспарланған барлық іс-шаралармен танысуға болады. Платформаға digitalnauryz.kz сілтемесі арқылы өтуге болады.

Мерекенің интерактивті бағдарламасы барлық жастағы адамдар үшін ойын-сауық түрлерін ұсынады.

17 наурызда Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының платформасында Жасанды интеллект және цифрландыру   жылына арналған интеллектуалды викторина басталады. Жас ерекшелігіне қарамастан барлық ниет білдірушілер викторинаға қатысуға шақырылады, сұрақтар қатысушылардың жалпы эрудициясына негізделген. Ойынға келесі сілтеме арқылы қосылуға болады: https://create.kahoot.it/details/9d3a4c62-fabc-4b24-955c-600022105d95 

Көрермендер үшін бағдарламада қызықты форматтар дайындалды. 17 наурызда Астанада дрон-футболдан турнирлер өтеді, ал Астана мен Алматы мегаполистерінің орталық алаңдары бірнеше күнге VR-ойындар алаңына айналады. 21 наурызда Астана мен Шымкенттегі мерекелік атмосфераны LED-экрандардан жасалған бірегей «Цифрлық киіз үй» толықтырады, ал 22 наурызда Шымкент аспанын зәулім кешкі дрон-шоу нұрландырады.

21-22 наурызда Алматыда технологиялық қонақжайлылықтың іс жүзіндегі көрінісін дрондардың көмегімен мерекелік бауырсақтар мен кәдесыйларды жеткізгенде  тамашалай аласыздар.

Мерекенің интерактивті бағдарламасы барлық жастағы қатысушыларға көңіл көтеру мүмкіндіктерін ұсынады. 16 наурызда Талдықорғанда Jetisu Digital базасында Astana Hub ұйымдастырған ЖИ саласындағы мектеп оқушылары мен студенттердің интеллектуалды жұмыстарының көрмесі өтеді, онда жас таланттар өздерінің инновациялық жобаларын көрсетеді. 

17 наурызда AITU платформасында цифрландыру және ЖИ мәселелері бойынша тақырыптық викторина басталады. Бұл балалар мен ересектердің бірге уақыт өткізуінің тамаша мүмкіндігі: эрудиция сұрақтарына жауап бере отырып, AITU экожүйесі ішінде ұпай жинауға, рейтингте жарысуға және технологиялар әлемін тануға болады. Мерекелік демалысты Астана мен Алматыдағы арнайы VR-ойын аймақтары толықтырады. Мұнда әркім виртуалды әлемге еніп, иммерсивті технологияларды сынап көре алады және инновациялардың үйреншікті демалысты қалай өзгертетінін көре алады.

Мәдени бағдарлама да цифрлық сипатқа ие болды: мерекелік концерттерге виртуалды жүргізушілер мен дәстүрлі әндерді орындаушылар рөлінде ЖИ-аватарлар қатысады.

22 наурызда болашақ бұрынғыдан да жақындай түседі, Астанада Smart City инфрақұрылымын дамыту аясында пилотсыз таксидің таныстырылымы өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары жаңа буын көлігінің заманауи қалалық ортаға қалай интеграцияланатынын көреді.

Мерекелік эстафетаны Astana Hub өңірлік хабтары "Nauryz AI" жобасымен жалғастырады, оның бағдарламасында ұлттық дәстүрлерге арналған цифрлық контент жасау бойынша практикалық сабақтар жоспарланған. Сонымен қатар, Astana Hub және өңірлік креативті орталықтар базасында IT-квестер, мини-хакатондар мен роботтар шеруі өтеді, ал мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында жас таланттар өздерінің инновациялық әзірлемелерін көрсететін тақырыптық конкурстар өткізіледі.

Көктемгі циклді 27 наурызда Шымкентте өтетін ауқымды Digital Qazaqstan форумы қорытындылайды, онда сарапшылар жасанды интеллектіні өнеркәсіпте және мемлекеттік органдарда практикалық қолдану мүмкіндіктерін талқылайды.