
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат аясында Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігі мемлекеттік органдар және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, ең сұранысқа ие қызметтерді цифрландыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.
Бұл ретте, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы басымырақ көрсетілетін ТОП-10 қызметтердің онлайн форматына ауысуына ерекше назар аударылған. Бұл қызметтер фронт-офистердегі жалпы қызметалушалар ағынының шамамен 80%-ын құрайды. Оларды цифрландыру кезектерді азайтуға, азаматтардың уақытын үнемдеуге және процедуралардың ашықтығын арттыруға бағытталған.
Оның ішінде басты қызметтердің бірі - электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), 2025 жылдың тамызынан бастап толықтай онлайн форматқа ауыстырылды. Өтініш беру және қолтаңбаны алу міндетті биометриялық сәйкестендіру арқылы қашықтан жүзеге асырылады.
Айта кету керек, қашықтықтан қызмет көрсету форматына сұраныс міндетті баламасыз онлайн механизмі енгізілгенге дейін қалыптасты: 2025 жылдың қаңтар-тамыз аралығында шамамен 27 млн ЭЦҚ онлайн рәсімделсе, 1 млн-нан астам қолтаңба ХҚО арқылы берілген. (Қызметті міндетті онлайн форматқа ауыстырғанға дейін (2025 жылдың қаңтар - тамыз айларында онлайн: 26 757 260, офлайн: 1 203 002). Осылайша, шамамен 96% қолтаңба қашықтан берілсе, ал жеке өтініштер үлесі 4%-ды құраған.
2026 жылдың қаңтарымен салыстырғанда тұрақты тенденция байқалады: бүгінгі таңда азаматтардың 99,6%-дан астамы жылдам әрі ыңғайлы форматты таңдай отырып ЭЦҚ-ны онлайн алады.
Сонымен қатар, әлеуметтік бағыттағы ерекшеліктер назардан тыс қалмады. Егер азамат биометриялық сәйкестендіруді бес рет сәтсіз өткізсе, ХҚО операторы арқылы қызметті офлайн алуына болады. Мұндай жағдайда қосымша фототүсірілім жүргізіліп, жеке басын сәйкестендірудіге модератор тексерісінен өтеді.
Онымен қоса, аталмыш механизм азаматтардың мобильді абоненттік нөмірлері туралы мәліметтерді өзектендіруге мүмкіндік береді. Бұл SIM-карталарды тіркеу туралы заң талаптарын орындауға, нөмірлерді үшінші тараптың қолданыуын азайтуға және цифрлық қауіпсіздіктің деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелу қызметі де толықтай цифрлық форматқа ауыстырылды. 2025 жылдың 19 қарашасынан бастап қызмет eGov порталы, eGov Mobile мобильді қосымшасы және банк қосымшалары арқылы тек қашықтықтан көрсетіледі.
Цифрландыру аясында қызмет көрсетудің өмірдегі жағдайлары да қарастырылды: қамқоршылар мен қорғаншылар, жалдамалы пәтер иелері қашықтықтан тіркеле алады. Бұрын осы азаматтар ХҚО-ға барып, қағаз құжаттар тапсыруы қажет болатын, қазір қажетті рәсімдер онлайн жүзеге асырылады.
«Біздің басты міндетіміз - азаматтың мемлекетпен өзара әрекетін біртұтас және технологиялық ету. Бүгін біз көптеген адамдардың ЭЦҚ рәсімдеуде цифрлық жолды таңдағанын көреміз. Бұл тек уақытты үнемдеу емес, бұл еліміздің қауіпсіз цифрлық экожүйесінің негізі. ТОП-10 қызметті онлайнға ауыстыру ресурстарды басқару моделін қайта қарауға мүмкіндік беріп, босатылған әлеуетті инновациялық сервистерді дамытуға және ЖИ шешімдерін енгізуге бағыттады», - деп атап өтті ҚР цифрлық даму және жасанды интеллект вице-министрі Ростислав Коняшкин.
2024 жылы ХҚО операторлары арқылы 15,2 млн мемлекеттік қызмет көрсетілген болса, 2025 жылы бұл 13 млн.-нан астам көрсеткішке төмендеді. Бұл жеке өтініштердің 2 млн-ға (13%) азайғанын және олардың үлесі eGov порталы, eGov Mobile қосымшасы және өзне өзі қызмет көрсету аймақтарына ауысқанын көрсетеді.
Қолданылып жатқан шаралар тұрақты цифрлық мемлекеттік модель қалыптастыруда. Қызметтер жылдамырақ, түсінікті және қолжетімді болып, артылған ресурстар технологиялық инфрақұрылымды дамытуға және жасанды интеллект саласындағы заманауи шешімдерді енгізуге бағытталады.