Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Қазақстанда әкімдік қызметкерлерін заманауи цифрлық құралдар мен ІИ технологияларын қолдануға оқыту бойынша ауқымды жұмыс басталды. Бағдарлама еліміздің барлық ауылдық елді мекендерін, аудандары мен өңірлерін қамтиды.
20 ақпанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің вице-министрі Д.А. Мун YouTube платформасында тікелей эфир өткізді. Трансляция барысында жергілікті атқарушы органдардың жұмысында жасанды интеллектіні қолданудың нақты мысалдары көрсетіліп, деректерді талдау мен басқарушылық шешімдерді дайындаудың тәсілдері таныстырылды.
Алғашқы таныстыру сабағына еліміздің барлық өңірлерінен 2 000-нан астам мемлекеттік қызметші қатысты. Бұл цифрлық құзыреттерді дамытуға және ЖИ құралдарын күнделікті қызметте қолдануға деген жоғары қызығушылықты көрсетеді.
Әкімдік қызметкерлеріне ЖИ-дің ұлттық платформасына қолжетімділік берілді. Бұл өңірлерде интеллектуалды шешімдерді кезең-кезеңімен енгізуге және деректерге негізделген басқару мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Тікелей эфир барысында негізгі цифрлық жүйелер таныстырылды:
Жақын уақытта өңірлік мемлекеттік қызметшілерге арналған арнайы оқыту курсы іске қосылады. Бағдарлама жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын, аналитикалық дашбордтарды қолдануды, Smart City шешімдерін, киберқауіпсіздік талаптарын және ішкі процестерді жетілдіру бағыттарын қамтиды.
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы - технологияларды нақты нәтижеге бағыттап, оларды мемлекеттік басқарудың күнделікті тәжірибесіне енгізудің кезеңі.